29.04.2022

«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заң жобасы бойынша баяндама

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда алғаш рет «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы»  заң жобасы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы әзірленді.

Заң жобаларын әзірлеуді Денсаулық сақтау министрлігі 13 мүдделі мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы органдармен, ғылыми-практикалық ұйымдардың сондай-ақ кәсіпкерлік өкілдерінің белсенді қатысуымен жүзеге асырды.

Заң жобасының негізгі мақсаты бұл  биологиялық қауіптерді ерте анықтау, алдын алу және профилактикасы болып табылады. Заң жобасында мынадай негізгі биологиялық қауіптер:

1) аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары (аса қауіпті инфекциялардың ошақтары ел аумағының жартысында таралған: мысалы, оба (10 облыстың аумағында), туляремия (12 облыстың аумағында), геморрагиялық қызбалар (4 облыстың және Шымкент қаласының аумағында),    1795-і күйдіргі бойынша стационарлық қолайсыз пункт);

2) қауіпті инфекциялардың сырттан әкелінуі Денге қызбасы (2019 жылы Таиландтан 3 жағдай), безгек (2019 жылы  тропикалық елдерден 4 жағдай);

3) патогенді биоагенттермен жұмыс істеу кезінде талаптардың бұзылуы;

4) Төртінші, төтенше жағдайлар мен терроризм актілерінің салдарынан жоғары қауіпті көздерге әсер ету;

5) Бесінші, биологиялық қауіпсіздік саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі болып табылады.

Заң жобасы бойынша биологиялық қатерге қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін мынадай бағыттардың шеңберінде құру жоспарлануда.

Бірінші бағыт – стратегиялық жоспарлау, биологиялық қауіпсіздікті болдырмау, биологиялық қауіпсіздік саласындағы басым ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.

Екінші бағыт – мемлекеттік басқарудың үйлестірілген ведомствоаралық жүйесін құру және оның профилактикалық функциясын күшейту.

Уәкілетті орган енгізіледі, оның негізгі міндеті ведомствоаралық өзара іс-қимылды және мемлекеттік органдардың іс-қимылдарының келісілуін қамтамасыз ету, биологиялық қатерлердің алдын алу жөніндегі уақтылы және тиімді шараларды әзірлеу үшін әртүрлі салалардан ақпарат жинау және талдау жүргізеді. Сонымен қатар, 13 мүдделі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган өкілеттіктерінің құзыреттері айқындалынады.

Профилактикалық функцияны күшейту шеңберінде алдын ала ескертусіз аса қауіпті патогендермен жұмыс істеуге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік саласында жедел назар аудару және профилактика шаралары көзделеді.

Үшінші бағыт – бейінді қызметтер мен халықтың ықтимал төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету.

Әрбір ықтимал қауіп үшін биологиялық қауіпсіздік саласында назар аудару хаттамалары (сценарийлері) әзірленетін болады, онда мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар іс-қимылдарының, олардың төтенше жағдайлар кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылының алгоритмдері жасалатын болады.

Аса қауіпті патогендермен жұмыс істеу үшін даярлықтан өткен білікті мамандардан кадр резервін қалыптастырылады, қажет болған жағдайда олар аса қауіпті патогендермен жұмыс істеуге (төтенше жағдайлар, пандемия, басқа елдерге көмек көрсету) жұмылдырылады.

Патогенді биоагенттермен жұмыс істейтін объектілерді материалдық-техникалық жарақтандыру халықаралық стандарттарға сәйкес келтіріледі.

Ғылыми-техникалық әлеует пен ресурстарды мемлекеттік қолдау шараларын күшейту жоспарлануда:

– биологиялық қауіпсіздік саласындағы басым ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындау;

– инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы, оларды емдеу және диагностикалау үшін иммундық-биологиялық, дәрілік және диагностикалық препараттарды әзірлеу мен өндірудің ғылыми негіздемесі бойынша талаптарды енгізу.

Пандемия сабақтарын ескере отырып, заң жобасында халықтың хабардар болу деңгейін арттыру және оның қауіпті биофакторлардың әсеріне назар аударуға дайындығы жөніндегі шаралар қарастырылған.

Сондай-ақ, кадрлық әлеуетті сақтау және нығайту үшін ынталандыру шаралары көзделген. Мемлекеттік ұйымдардың тәуекелге неғұрлым бейім мамандары мен қосалқы персоналына еңбекақы төлеу арттырылады, сауықтыру жөніндегі жәрдемақылар белгіленеді.

Төртінші бағыт – биоагенттердің клиссификациясы  (жіктелімі) мен олардың жұмыс істеуге қойылатын талаптарын біріздендіру.

Алғаш рет заңнамалық деңгейде халықаралық тәжірибені ескере отырып, патогенді биоагенттердің жіктелуі енгізілді. Жіктеу биоагенттердің қауіптілік дәрежесіне байланысты патогенділіктің 4 тобын қамтиды.

Классификацияны (жіктеуді) ескере отырып, патогенді биоагенттермен жұмыс істеуге қойылатын жалпы талаптар бір жүйеге келтіріледі, оларға рұқсат енді жұмыс жүргізілетін әрбір объектіге берілетін болады.

Бесінші бағыт – патогенді биоагенттердің айналымы туралы деректерді есепке алу мен мониторинтің бірыңғай жүйесін құру.

Басты назар салдармен күрестен тәуекелдерді болжау мен бағалауға ауысады.

Мұндай жұмыс биологиялық қатерлердің алғышарттары туралы ақпаратты жедел алуға негізделеді, сондықтан заң жобасы оның орталықтандырылған есепке алуды және мониторингті жүргізу жүйе арқылы жүзеге асырылатын болады.

Алтыншы бағыт – биологиялық қатерлерді басқару және биологиялық қауіптерді болжау жүйесін енгізу:

– мемлекеттік органдарда және қауіпті патогендермен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметінде биологиялық қауіптерді басқару жүйесін енгізу;

– биологиялық қауіптерді сыртқы және ішкі бағалауды енгізу;

Жетінші бағыт – микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекцияларының қызметін реттеу. Микроорганизмдер коллекцияларын жүргізудің жалпы талаптары енгізіледі, ұлттық және жұмыс коллекцияларының мақсаты нақты анықталған. Мұндай коллекциялар микроорганизмдердің сипаттарын зерттеу, оларды жүйелеу және олардың теріс әсерін азайту жолдарын жасау үшін маңызды.       

Негізгі заң жобасы жоғарыда көрсетілген бағыттарды іске асыруға бағытталған 8 тараудан және 32 баптан тұрады, сондай-ақ қолданысқа енгізу үшін алты айлық өтпелі кезеңді және патогенді биоагенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды ресімдеу және қайта ресімдеу үшін қосымша 6 айды көздейді.

Ілеспе заң жобасы 3 кодекс пен 11 заңды қоса алғанда, 14 заңнамалық актіге өзгерістер енгізуді көздейді.

Ілеспе заң жобасы мыналарды көздейді:

– патогендігі I топтың патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын әлеуетті қауіпті объектілерді стратегиялық объектілерге жатқызу;

– қауіпті патогендерді заңсыз қолданғаны, өткізгені және ұрлағаны үшін, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соққан олармен жұмыс істеу талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;

– денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін лицензиялауды енгізу;

– өтініш жасайтын патогендерді көрсете отырып, әрбір объектіге рұқсаттар беру бөлігінде рұқсат беру жүйесін нақтылау, сондай-ақ осы рұқсаттардан айыру үшін негіздерді белгілеу;

– уәкілетті органды террористік қатерлерге қарсы іс-қимылдың бірыңғай жүйесіне енгізу, оның ішінде биологиялық құрылысты әзірлеуге, өндіруге және жинақтауға тыйым салу жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында енгізу;

– салалық заңдарды Негізгі заң жобасына сәйкес келтіру.

Заңның өзектілігі күмән туғызбайтынын және бұл заң жобаларының шығуы тиісті органдарға ғана емес, бүкіл Қазақстан халқы үшін де өте маңызды екенін баршаға мәлім.

https://www.gov.kz/memleket/entities/kkkbtu/press/news/details/364488?lang=kk