28.10.2022

«Бірыңғай денсаулық – болашаққа көзқарас» халықаралық ғылыми симпозиумы туралы

Қазақстан Республикасының күніне орай, 2022 жылдың 27 қазанында Алматы қаласындағы «Grand Tien Shan Hotel» қонақ үйінде, гибридтік форматта «Бірыңғай денсаулық – болашаққа көзқарас» атты халықаралық ғылыми симпозиумы өтуде.
Халықаралық симпозиумның негізгі ұйымдастырушылары «Биологиялық қауіпсіздік бойынша неміс-қазақ ынтымақтастығы» жобасы аясында, М. Айқымбаев ат. АҚИҰҒО, Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) және Бундесвер Микробиология институты (IMB) болып табылады.
Симпозиумды құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі АҚИҰҒО бас директоры Т.К.Ерубаев, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Н.О.Сәдуақасов, Германияның Алматыдағы Бас консулы Марио-Инго Зоос мырза, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қауіпсіздік департаментінің Бірінші хатшысы Шайменова Ж.Е. және «QazBioPharm Ұлттық холдингі» АҚ Бас директорының орынбасары Бекшин Ж.М. ашты.
Симпозиумға Қазақстанның, Германияның, Арменияның, Қытайдың, Қырғызстанның, Ресейдің, Тәжікстанның, Өзбекстанның, АҚШ-тың және CDC, ХҒТО, және ХБРЯ бойынша ЕО Озат тәжірибе орталықтары және т.б. сияқты халықаралық ұйымдардың биоқауіпсіздік саласындағы жетекші ғалымдары мен сарапшылары қатысуда.
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы сарапшылардың кездесуі биологиялық қауіпсіздік және биоқорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, COVID-19 және басқа да аса қауіпті инфекциялармен күресу, ғылыми алмасуды және жұқпалы аурулармен күресудегі серіктес елдердің ұлттық әлеуетін дамыту мақсатында гибридті форматта (онлайн және офлайн) өтуде.
Сонымен қатар, Симпозиум аясында «Жас ғалымдар байқауы» өткізілуде. Ол жас мамандарға өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері туралы хабардар болуына, олардың зерттеу саласына қатысты туындаған мәселелерді талқылау және шешу үшін, сондай-ақ ынтымақтастық орнатуға жақсы алаң болады.