20.05.2022

Иксод кенелер – аса қауіпті инфекциялардың тасымалдаушылары

Қызылорда облысында Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы бойынша эпизоотологиялық жағдай бірнеше жылдан бері күрделі болып отыр, себебі жыл сайын Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының қоздырғыштарын таратушы иксод кенелерінің көбеюі жалғасуда. Бүгінгі күні Қызылорда облысының аумағында иксод кенелері ареалдарының шекаралары кеңеюде, осыған байланысты көршілес аумақтарға кене инфекциялары қоздырғыштарының ену қаупі туындайды. Қызылорда облысы бойынша иксод кенелерінің фаунасын бүгінгі күні 18 түр құрайды. Қызылорда облысында бұрын облыс аумағында кездеспеген иксод кенелері – Hyalomma turanicum, Rhipicephalus annulatus, Haemaphysalis sulcata түрлері табылды. Кенелердің бұл түрлері адамның көптеген трансмиссивті табиғи ошақтық індетінің және жануарлардың қан-паразиттік ауруларының қоздырғыштарын таратады.

Соңғы уақытта елді мекендерде зақымдандан кенердің адамдарды шағу санының өсуі байқалды. Ағымдағы жылы елді мекен айналасында қыстың жылы болуы салдырынан алғашқы белсенді ересек кенелер қаңтар айында шықты, сол себепті кенелер саны арта бастады. Адамдар үшін, әсіресе кенелердің ересек түрлері – аталықтары мен аналықтары  өте қауіпті, олар көктем-жаз айларында елді мекендер маңында және тығыз өсімдіктері бар демалыс аймақтарында көптеп кездеседі.

Елді мекендердің айналасына шыққан жағдайда капюшоны бар қорғаныс киімдерін  кию қажет. Сонымен қатар, кенелерден сақтану үшін, оның жоғарғы бөлігі міндетті түрде шалбарға, ал шалбардың балағы шұлыққа салынады. Кене шаққан жағдайда дереу жақын маңдағы медициналық мекемеге хабарласу керек.                                                                   Кенелердің әрбір түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін (жұмыртқа салу, баланқұрттың шығуы, дернәсілдер, ересектер)  ескере отырып, кенелерге қарсы іс-шаралар жүргізу иксод кенелері санының азаюына әсер етеді. Алдын алу іс-шаралары медициналық, ветеринариялық қызметтерді, шаруашылық және атқарушы органдарды тарта отырып, кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс.

 

Көктем-жаз айларында малдардың кенелермен зақымдануы