16.09.2021

ҚР Конституциясы туралы

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Конституциясы қабылданды. Елдің негізгі құжаты халықтың еркін, оның Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға деген ұмтылысын көрсетеді, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Конституцияны әзірлеу және қабылдау Қазақстан тәуелсіздігін құру жолындағы шешуші сәттердің бірі болды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Біздің негізгі Заңымызда табысты даму үшін де, ұлттың өзін-өзі жаңарту үшін де барлық құқықтық құралдар бар. Біз алдымызға жаһандық мақсат қойдық – ғасырдың ортасына қарай Қазақстанды 2050 жылға дейін әзірленген стратегиялық бағдарлама негізінде әлемнің ең дамыған 30 елінің біріне айналдыру».

Қазақстан Конституциясының қабылданғанына 26 жыл толуына орай Елбасы кітапханасы Еліміздің басты заңын дайындау тарихын бейнелейтін Н.Ә. Назарбаевтың жеке мұрағатындағы құжаттар мен материалдар көрсетілген бейнеролик дайындады.