22.10.2022

Құрметті Галина Геннадьевна!

«М.Айқымбаев атындағы Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы» ШЖҚ Республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұжымының Сізді мемлекеттік награда – «Шапағат» медалімен марапатталуыңызға байланысты шын жүректен құттықтауын қабыл алыңыз.

Бұл марапат Орталықтың соңғы жылдары эпидемиологиялық салауаттылық, биологиялық қорғаныс пен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ денсаулық сақтау саласын дамыту сияқты бірқатар маңызды көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау және ғылым ұйымдары арасында лайықты орын алғанын растайды.

Соңғы бірнеше жылда «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК біздің ұйымшыл ұжым мақтан тұтатын белестерге жетті. Біз осындай жоғары нәтижелерге жол бойындағы адам сенгісіз қиындықтар мен кедергілерге қарамастан дұрыс және білікті басшылықтың арқасында қол жеткіздік. Ал Мемлекет басшысының республиканың денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан жеке үлесіңізді және көп жылғы жемісті еңбегіңізді атап өтуі Отан алдындағы сөзсіз қызметтеріңіздің мойындалғанын айғақтайды.

Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, гүлдену, Қазақстан Республикасы халқының игілігі жолындағы жасампаз жоспарларыңыз бен жасампаз идеяларыңыздың жүзеге асуын тілейміз!