
О проведении торжественного мероприятия к Дню Независимости РК
Сегодня в ННЦООИ состоялось торжественное мероприятие, приуроченное ко Дню Независимости Республики Казахстан - одному из главных государственных праздников, символизирующих единство, устойчивое развитие и уверенное движение страны вперёд.
С теплыми поздравлениями к коллективу обратилась исполняющая обязанности генерального директора Зауреш Бапановна Жумадилова. В своем выступлении она подчеркнула значимость Дня Независимости как основы для укрепления научного потенциала и развития системы биобезопасности, а также выразила искреннюю благодарность сотрудникам за преданность делу, профессионализм и вклад в общее развитие Центра.
В рамках мероприятия состоялась церемония награждения. За многолетний добросовестный труд, высокий профессионализм и значимый вклад в сферу биобезопасности нагрудными знаками «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» и «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» были награждены научные сотрудники и ученые, пользующиеся заслуженным авторитетом и уважением коллектива ННЦООИ: Абдел З.Ж., Абдрасилова А.А., Бегимбаева Э.Ж., Нурмуханов Т.И., Карымсакова Н.Т., Байтурсын Б.А., Штек А.М.
Торжественное мероприятие прошло в атмосфере единства и признательности, подчеркнув преемственность поколений, значимость научного труда и общую ответственность за обеспечение биологической безопасности страны.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шараның өткізілуі туралы
Бүгін АҚИҰҒО-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке ел бірлігін, тұрақты дамуды және мемлекеттің нық қадаммен алға жылжуын айқындайтын басты мемлекеттік мерекелердің бірі болып табылады.
Іс-шара барысында ұжымға жылы лебізін білдіріп, құттықтау сөз сөйлеген АҚИҰҒО бас директорының міндетін атқарушы Зауреш Бапановна Жумадилова Тәуелсіздік күнінің маңыздылығына тоқталып, биологиялық қауіпсіздік жүйесін дамыту мен ғылыми әлеуетті нығайту жолындағы жетістіктердің негізі - адал еңбек пен жоғары кәсібилік екенін атап өтті. Сондай-ақ ол орталық қызметкерлеріне өз ісіне деген жауапкершілігі мен табанды еңбегі үшін алғыс білдірді.
Салтанатты жиын аясында марапаттау рәсімі өтті. Биологиялық қауіпсіздік саласында көпжылдық абыройлы еңбек етіп, жоғары кәсіби біліктілігімен және ұжым арасындағы беделімен ерекшеленген ғылыми қызметкерлер мен ғалымдарға «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгілері табысталды. Марапатталғандар қатарында: Абдел З.Ж., Абдрасилова А.А., Бегимбаева Э.Ж., Нурмуханов Т.И., Карымсакова Н.Т., Байтурсын Б.А., Штек А.П.
Іс-шара бірлік пен өзара құрметке толы жағдайда өтіп, ұрпақтар сабақтастығын, ғылыми еңбектің маңызын және еліміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы ортақ жауапкершілікті айқындай түсті.