04.10.2023

Биологиялық қорғаныс бойынша 18-ші медициналық конференция.

Мюнхен қаласында 2023 жылдың 22-25-ші  қазан аралығында Биологиялық қорғаныс бойынша 18-ші медициналық конференция өткізіледі  (Medical Biodefence Conference) (https://conference.instmikrobiobw.de/). Бұл халықаралық конференцияның ұйымдастырушысы – Бундесвердің Микробиология институты. Бұл конференция биоқауіптерден қорғау саласындағы әлемдік жетекші медициналық форумдардың бірі болып табылады және екі жылда бір рет өткізіледі.  Қазақстандық ғалымдар Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) қолдауымен аталмыш конференция жұмысына белсене қатысуды жоспарлап отыр. «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» атынан жетекші ғылыми қызметкер, PhD Төребеков Н.А., ғылыми қызметкер, PhD Шин А.Л., ғылыми қызметкер, PhD Туханова Н.Б. өкілдік етеді.  Алдағы конференцияда ғалымдарымыз биологиялық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерге, сондай-ақ ҚҚГҚ вирустары, кене энцефалиті және хантавирустар бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша өздерінің постерлік баяндамаларын ұсынады.