2021 жылғы 30 Шілдеде халықаралық онлайн-конференцияны өткізу бойынша баспасөз релизі
2021 жылғы 30 Шілдеде М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) өкілдігінің және Бундесвер микробиология институтының бірлесіп ұйымдастыруында «қан ұюы бұзылған Инфекциялық аурулар: вирустық геморрагиялық қызбалар, жайылған бактериоздар, COVID-19″халықаралық онлайн-конференциясын ұйымдастырды.
Конференцияға Әзірбайжан, Белоруссия, Германия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Өзбекстан эпидемиологиясы саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшылар, сондай – ақ халықаралық ұйымдар-ДДҰ, ХҒТО және ХБРЯ ЕО озық тәжірибе орталықтары қатысты.
Бұл биылғы жылы АИҰҒО мен GIZ ұйымдастырған екінші халықаралық конференция. Эпидемиология саласындағы сарапшылардың онлайн форматтағы кездесуі аса қауіпті инфекциялармен, COVID-19-мен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту, ғылыми алмасуды және инфекциялық ауруларға қарсы іс-қимыл бойынша әріптес елдердің ұлттық әлеуетін дамыту мақсатында өткізілді.
The event was attended by more than 50 scientists and experts, where the conference speakers were leading scientists from different countries and international organizations: WHO technical Officer Abouali Mustafa; PhD, ISTC Program manager Hendrik Visser; Professor Tabynov K. K. (Kazakhstan); Professor of the University of Qaid-i Azam Rani Faryal (Pakistan); Professor Amvrosyeva T. V. (Belarus); Master of Science Edith Wagner (Germany); researcher of the Irkutsk NIPCHI Kiseleva N. O. and ROSNIPCHI «Microb» Chumachkova E. A. (Russia) and others.
Аталған конференция биоқауіпсіздік саласындағы ғалымдар үшін өздерінің ғылыми ізденістерінің нәтижелері туралы хабардар ету, олардың зерттеу саласына байланысты туындайтын проблемаларды талқылау және шешу, сондай-ақ ынтымақтастықты жолға қою үшін тұғырнама ретінде қызмет етті.