21.09.2022

2022 жыл 21 қыркүйек М. Айқымбаев ат. АҚИҰҒО Ашық есік күніне арналған ПРЕСС-РЕЛИЗ

Бүгін ҚР ДСМ М. Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында Ашық есік күні өтті. Іс-шараға қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар өкілдері, жетекші ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ Қазақстанның медициналық университеттерінің өкілдері қатысты.

70 жылдан астам уақыт бойы Орталық қызметінің негізгі мақсаты және жұмыстың басты стратегиялық бағыты елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қазіргі заманғы дәлелді медицинаның ғылыми негізделген тәсілдемелеріне, қағидаттарына негізделген Қазақстан Республикасы халқының денсаулығына қауіпті биологиялық факторлардың әсер ету деңгейін төмендету болып табылады.

Іс-шара барысында қатысушылар М. Айқымбаев АҚИҰҒО-ның ғылыми және білім беру қызметімен тығыз танысып, онда Орталықтың соңғы жылдардағы жетістіктері көрсетілді. Атап айтқанда, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Халықаралық Вакцинология орталығымен бірлесіп әзірленген COVID-19-ға қарсы вакциналар, сондай-ақ NARUVAX-C19 (pets) ветеринариялық вакцинасы ұсынылды. Қатысушыларға АҚИҰҒО ғалымдары ҰБО-мен бірлесіп ОРЛ базасында әзірленген COVID-19 диагностикасы бойынша тест-жүйелердің үлгілері көрсетілді, онда басқа елдерден тест-жүйелер келіп түскенге дейін АҚИҰҒО өз тест-жүйелерін пайдалана отырып, COVID-19-ға диагностикалық зерттеулер жүргізді.

Мамандардың үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз етуге, аса қауіпті инфекциялар бөлігінде ғана емес, жалпы халықтың эпидемиологиялық мониторингі мен биологиялық қауіпсіздігі мәселелеріне де кадр резервін қалыптастыруға бағытталған білім беру блогына ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде бұл халықаралық тренинг орталығы, оның қабырғасында қазақстандық, сондай-ақ шетелдік мамандар оқытудан өтеді.

Жоғары білікті ғылыми әлеует, ұрпақтар сабақтастығы ұлттық орталықтың қабырғасында үздік халықаралық практикаға жауап беретін заманауи ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Орталық бүкіл ел бойынша жүргізілетін эпидемиологиялық мониторинг бойынша ақпаратты ұсынды және пандемия өршуі кезінде өзінің тиімділігін дәлелдеген мобильді авто-зертханалардың жұмысын көрсетті.

М. Айқымбаев ат. АҚИҰҒО Жоғары марапаттарға соңғы уақыттары ие болды. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің COVID-19-ға арналған алғашқы Қазақстандық ПТР тест-жүйесін әзірлегені үшін алғысы. Сондай – ақ, «HALYQ QURMETI-2020» сыйлығы, ол медицина саласындағы үздік кәсібилігі үшін, сондай-ақ Қазақстандағы COVID-19 коронавирусының пандемиясымен күреске қосқан зор үлесі үшін медицина қызметкерлері мен ұйымдарды көтермелеу мақсатында берілген. Сонымен қатар, 2022 жылы Орталық беделді «ALTYN SHIPAGER» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды, онда «Денсаулық сақтаудың үздік ғылыми ұйымы» номинациясының көшбасшысы мәртебесі берілді.

Іс-шара барысында білім, ғылым және тәжірибенің үштұғырлығын одан әрі дамыту, денсаулық сақтауға ғылыми зерттеулер нәтижелерінің тиімді трансферті, аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істейтін еліміздің зертханаларына әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Ашық есік күнінің қорытындысы бойынша қатысушылар іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті, ғылыми және білім беру жобалары бойынша өзара тиімді тығыз ынтымақтастыққа бейілділіктерін білдірді, сондай-ақ М.Айқымбаев ат. АҚИҰҒО қызметінің ашықтығы мен транспаренттілігін атап өтті.