01.08.2023

2023 жылғы 24-26 мамырда Қытайда өткен халықаралық оба Симпозиумы туралы ақпарат

Бейжің микробиология және эпидемиология институтының бастамасымен Бейжің қаласында (Қытай Халық Республикасы) 2023 жылғы 24-26 мамыр аралығында «Yersinia pestis экология және эволюция синтезі бойынша халықаралық Симпозиум: пандемиялардың алдын алу және оларға қарсы күрес сабақтары» өткізілді.

Симпозиумға қатысу үшін Осло университетінің синтез және эволюция орталығының (Норвегия), Лиль университетінің жұқпалы аурулар және иммунология орталығының (Франция), Қолданбалы микробиология және биотехнология мемлекеттік ғылыми орталығының (Ресей), ҚР ДСМ М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының және ҚХР ғалымдары: Бейжің микробиология және эпидемиология институтының, ҚХР жұқпалы ауруларды бақылау орталығының (CDC), Табиғи ресурстар және қоршаған орта университетінің, Тшингуа университетінің (Tsinghua), Бейжің педагогикалық университетінің және Қытай Ғылым Академиясының ғалымдары шақырылды.

Симпозиумның мақсаты – экология, обаның табиғи ошақтарының эволюциясы және алдын алу шаралары туралы білімді талқылау және жалпылау және «Yersinia pestis экология және эволюция синтезі» халықаралық бірлескен жобасын әзірлеу. Барлығы тоғыз бағдарламалық баяндама тыңдалды және талқыланды.

АҚИҰҒО бас ғылыми қызметкері, м.ғ.д. Атшабар Б.Б. «Обаның табиғи ошағы экологиялық жүйе ретінде» баяндамасымен сөз сөйлеп, бірлескен халықаралық жоба бойынша жұмыстардың бір бөлігі ретінде «Оба энзоотиясы: тетіктер, эволюция және алдын алу шаралары» ұсынысын таныстырды.

Симпозиум аясында ҚХР жұқпалы ауруларды бақылау орталығына (CDC) ҚХР-ның ҚР шекаралас аумақтарындағы обаның табиғи ошақтарындағы бақылау жұмыстарымен танысу үшін АҚИҰҒО өкілдері шақырылды.

Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Қ. Ахметбекұлы әріптестерін ҚР-дағы аса қауіпті инфекцияларды бақылау жөніндегі АҚИҰҒО жұмысымен таныстырды.

CDC бөлімшелері мен зертханалары бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді, оның ішінде оба ошақтарын эпизоотологиялық тексеру туралы on-line ақпаратты көрсететін жағдайды бақылаудың электрондық жүйесі көрсетілді.

ҚХР жұқпалы ауруларды бақылау орталығының (CDC) өкілдері обаның табиғи ошағы құбылысын зерттеуде ҚР мамандарымен ғылыми және ақпараттық ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.