12.06.2024

2024 жылғы 12 мамырдан 25 мамырға дейін М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО-ның 4 ғылыми қызметкерлері Қытай Халық Республикасының ауруларды бақылау орталығы (China CDC) ұйымдастырған Бейжің қаласында (Қытай) «Молекулалық диагностика және патогендерді анықтау әдістемелері» халықаралық тренингтік курсына қатысты.

2024 жылғы 12 мамырдан 25 мамырға дейін М. Айқымбаев атындағы
АҚИҰҒО-ның 4 ғылыми қызметкерлері Қытай Халық Республикасының
ауруларды бақылау орталығы (China CDC) ұйымдастырған Бейжің қаласында
(Қытай) «Молекулалық диагностика және патогендерді анықтау
әдістемелері» халықаралық тренингтік курсына қатысты.
Осы тренингтік курсқа барлығы 39 маман қатысты, оның ішінде 24
маман келесі елдерден: Камбоджа, Эфиопия, Грузия, Моңғолия, Мьянма,
Непал, Пәкістан, Тайланд, Өзбекстан, Вьетнам және Қазақстан.
Халықаралық тренингтік курсы дәрістерден тұратын теориялық курсты
және молекулалық диагностика және әртүрлі жұқпалы аурулардың
қоздырғыштарын анықтау әдістері бойынша тәжірибелік курсты қамтыды.
Тренинг барысында келесі бағыттар бойынша қажетті дағдылар
алынды:
1. Үшінші буынды секвенирлеу;
2. Келесі буынды секвенирлеу;
3. Жұқпалы ауруларды диагностикалаудың жедел әдістері;
4. Жұқпалы ауруларды диагностикалаудың «науқас жанында
жасалатын» әдістері;
5. Сандық ПТР әдістері және үшінші буынды секвенирлеу;
6. MALDI-TOF-MS көмегімен патогендерді зерттеу.
Практикалық сабақтарда ПТР, масс-спектрометрия және
секвенирлеудің әртүрлі жабдықтары мен әртүрлі әдістері көрсетілді.
Бұл оқыту курсы Қытай Халық Республикасының Пекин және
Шэньчжэнь қалаларындағы ауруларды бақылау орталығының зертханасының
базасында өткізілді. Сондай-ақ, оқыту аясында Қытайдың Ұлттық
генетикалық банкі мен BGI компаниясының жұмысымен танысу және қатысу
болды.
Тренинг аясында тұмауды зерттеу жөніндегі Ұлттық зертханаға және
жұқпалы аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылар Мұражайына
барылды.
Халықаралық тренингтік курсқа қатысу қорытындысы бойынша оқудан
өткені туралы сертификаттар алынды.