13.03.2024

2024 жылғы 12 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Басқармасының қарусыздану мәселелері жөніндегі делегациясы, сондай-ақ Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан БТҚК ҰБП өкілдерінің М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО Орталық Референттік Зертханасына сапары өтті

Орталық Азияда Биологиялық қаруға тыйым салу жөніндегі конвенцияны (БТҚК) іске асыру бойынша ұлттық байланыс пункттері (ҰБП) үшін өңірлік оқу курсын өткізу шеңберінде 2024 жылғы 12 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Басқармасының қарусыздану мәселелері жөніндегі делегациясы, сондай-ақ Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан БТҚК ҰБП өкілдерінің М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО Орталық Референттік Зертханасына сапары өтті.
Екі күндік оқу курсы БТҚК-ны іске асырудың тиімділігін арттыруға жәрдемдесуге ҰБП және Орталық Азиядан келген басқа да мүдделі тараптар арасында пікірталастар, ақпарат және озық тәжірибе алмасу алаңына айналуға арналған. Осы курстарға АҚИҰҒО-нан бас директор Жумадилова З. Б., бас директордың орынбасары Ковалева Г. Г. және биологиялық қауіпсіздік және биологиялық қорғаныс басқармасының бастығы Вилкова А. Н. қатысты.
Сапар аясында ОРЗ ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Делегация мүшелері (Біріккен Ұлттар Ұйымы) және БТҚК-ға мүше мемлекеттердің өкілдері (Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан) жүргізілетін ғылыми зерттеулермен, биоқауіпсіздік және биоқорғаныс жөніндегі мамандарды оқытумен, ОРЗ-ның қызметі мен мүмкіндіктерімен және т.б. танысты.
Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ОРЗ миссиясының маңыздылығы және ОРЗ-ның АҚИ бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру жөніндегі мақсаттары, ұлттық денсаулық сақтау және ветеринария жүйелері шеңберінде ынтымақтастық және жобаларды іске асыру жөніндегі жергілікті, өңірлік және халықаралық жобаларды қолдау атап өтілді.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар БҰҰ ҚМБ және ДДСҰ бағдарламалары шеңберінде ынтымақтастықты дамытуға, БТҚК бойынша сенімді нығайту жөніндегі шаралар шеңберінде Орталық Азия және Әзірбайжан ҰБП өңірлік өзара іс-қимылды тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.