05.05.2025

9 мамыр — батырлықтың, ерліктің және елге деген шексіз сүйіспеншіліктің символына айналған қастерлі күн.

 

 Бұл – Отанды қорғау жолында жанын қиған жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ұлы ерлігін еске алатын күн.
М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне шексіз алғысын білдіреді. Сіздердің ерліктеріңіз – ұрпақтар жадында мәңгі сақталып, елдік пен бірліктің үлгісі болып қала береді.
Жеңіс күніне орай Орталықта салтанатты шара ұйымдастырылып, қызметкерлер соғыста қаза тапқандарды еске алып, ардагерлерге құрмет көрсетіп, майданда болған ата-бабаларының ерліктері туралы бөлісті.
Ұлы Жеңіс ұмытылмай, әр жүректе мәңгі сақталсын! Ол бізге бейбіт өмірдің, татулық пен бірліктің қадірін ұғындырады.
Мәңгілік даңқ! Жеңіс күні құтты болсын!