22.02.2023

Мамандар арасында өткізілген семинар-сабақтар

«Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы» филиалының мәжіліс залында 2023 жылдың ақпан айында филиал және Жосалы бөлімше дәрігерлері арасында «Биологиялық қауіпсіздік аясында шығарылған нормативтік құжаттар және зертханалық диагностиканың негізгі әдістері» тақырыбында, зоологтары арасында  «Негізгі атқаратын жұмыс барысында кездесетін мәселелерді талқылау және басқа да түрлі өзекті мәселелер» бойынша және филиал зертханашылары арасында «Биологиялық қауіпсіздік  талаптары және зертханашылардың негізгі жұмыстары туралы» семинар – сабақтар өткізілді.

Семинар сабақтарда «ҚР биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заң тереңінен талданды, дәрігерлер арасында оба және басқа зооноздық инфекцияларды зертханалық диагностикалаудың негізгі әдістері бойынша тәжірибе алмасу мен зерттеу барысында кездесетін түрлі қиындықтарды шешу бойынша мәселелер қаралса,  зоолог мамандары арасында атқарылған жұмыс қорытындылары талқыланып, эпизоотологиялық зерттеу барысында туындайтын өзекті мәселелерді  шешу бойынша  ұсыныстар қаралды. Және де филиал зертханашылары арасында өткізілген семинар – сабақта олардың біліктілігін арттыруға көңіл бөлінді.

Биылғы өткізілген семинар – сабақтың ерекшелігі Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесі зоологтары мен дәрігерлерінің қатысуы мен зерттеу жұмыстары барысындағы өзекті мәселелердің бірге талқылануы болды. Сонымен қатар, семинардың эпизоотологиялық, зертханалық зерттеу жұмыстарының өнімді және тиімді орындалуында маңызы зор болмақ.