2022 жұмыс жылы қорытындыланды.
ҚР ДСМ «М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО» филиалы–Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясында (одан әрі Филиал) 2023 жылдың 16-17 ақпан күндері 2022 жұмыс жылының қорытындылары және 2023 жылға жоспарлар тақырыбында екі күндік жиналыс өткізілді. Жиналысқа Филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелері, станция мамандары, облыстық санэпидбақылау департаменті, Орал обаға қарсы күрес станциясы мамандары қатынасты.
Жиналыс екі бөліктен тұрды: бірінші күні барлық обаға қарсы күрес бөлімшелері басшыларының қызмет ету аумағында халықтың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстары есебі және Филиал директорының эпидемиологиялық жұмыстар бойынша орынбасарының негізгі қызмет бойынша 2022 жылы орын алған кемшіліктер мен оларды жою жолдары бойынша баяндама тыңдалып, талқыланса; екінші күні ғылыми орталықтың филиалы ретінде аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында мониторинг, зертханалық жұмыстағы ерекшеліктер бойынша мамандардың ғылыми мақалалары тыңдалып, талқыланды. Ақтөбе облысы аумағымен шекаралас Батыс-Қазақстан облысындағы Орал обаға қарсы күрес станциясы мамандарының инфекциялардың табиғи ошақтарындағы мониторинг жұмысы бойынша баяндамалары жиналыс талқылаулары әсерін өсіре түсті. Сонымен қоса Филиалдың аудандардағы бөлімшелерінен жиналысқа арнай шақыртылған зоологтары мен бактериологтарына зоологиялық және бактериологиялық екі секцияға бөлініп семинар, тәжірибе алмасу, пікір талас жасауларына жағдай жасалды.
Жиналыс барысында Филиал директоры орынбасарлары, зертхана, бөлім меңгерушілері, бас мамандары және барлық обаға қарсы күрес бөлімшелері басшылары күнделікті қызмет барысында қажетті сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге қарсы, ақпараттық қауіпсіздік және нысандарды физикалық қорғау бойынша нормативтік-құқықтық актілер талаптарын білу бойынша тестілеу ұйымдастырылды.