27.02.2023

ЖАҢА ВИРТУАЛДЫ ОҚЫТУ ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТУРАЛЫ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ

М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының бас директоры м.ғ.д. Т.К. Ерубаевтың,тапсырмасы бойынша және оның басшылығымен,  ғалым-практиктердің бастамашыл тобы м.ғ.к. С.В. Казаков, м.ғ.д., профессор Л. Ю. Лухнова, м.ғ.д. М. Сыздықов, м.ғ.к. Г.Г. Ковалева, қауымдастырылған профессор, м.ғ.к. У.А. Избанованың, б.ғ.к.  З.З. Саякованың эпидемиологиялық мониторинг, геоақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жетекші мамандар: В.П. Садовская, Г.М. Сайрамбекова, PhD докторант А. А. Сқабылов, А.А. Бекмуратовпен «АҚИҰҒО оқу шеберханасы» инновациялық виртуалды оқу платформасын (бұдан әрі – платформа) құру Тұжырымдамасы дайындалды.

Оқу платформасының негізгі мақсаты: 80-ші, 90-шы және 2000-шы жылдардың басындағы ғалымдар, эпидемиолог-практиктер буынын мастер-сарапшы-оқытушылар ретіндегі тәжірибесін барынша пайдалану, олардың кәсіби тәжірибесін беру үшін, биоқауіпсіздік, биоқорғаныс саласында жұмыс істейтін оқушылар мен ізбасарлар когортасын қалыптастыру үшін оңтайлы және тиімді жағдайлар жасау.

Платформада 7 виртуалды бейінді оқу бөлмесін — авторлық шеберханаларды орналастыру жоспарлануда, онда АҚИҰҒО тәжірибелі оқытушылары биоқауіпсіздік саласындағы жұмыстың ең өзекті бағыттары бойынша мастер-кластарын өткізеді.

Анықтама: Мастер-класс — (ағылшын тілінен masterclass: master-кез келген саладағы ең жақсы + class-сабақ) — кәсіби ортада танылған тәжірибелі ғалымның, маман-практиктің өз авторлық жұмысының әдістері мен тәсілдерін тікелей түсініктеме беру арқылы озық ғылыми-практикалық тәжірибені бөлісудің және таратудың ең тиімді заманауи тәсілдерінің бірі.

Авторлардың пікірінше, жаңа оқу платформасы биологиялық қауіпсіздік, биологиялық қорғау саласында аса сұранысқа ие мамандықтар тыңдаушыларының контингентін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Платформада жедел әрекет ету бригадаларының қызметкерлері, аралас кәсіп мамандары, күш және басқару блоктарының қызметкерлері (ІІМ, ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, Шекара қызметі, кеден бекеттері, ветеринария мамандары, әкімдіктердің бейінді басқармаларының қызметкерлері және т.б.) үшін аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және эпидемиология мәселелері бойынша мастер- кластарын өткізу көзделеді.

Мастер-класстардың заңдылығы қазақстандық нормативтік құжаттармен расталды:

  1. Мастер-класс мәртебесі ҚР ДСМ 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен бейресми білім ретінде айқындалған;
  2. Мастер-класс сұранысы ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрықтарымен және денсаулық сақтау саласындағы маманның ресми сертификатын алу үшін ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығымен айқындалды;
  3. Денсаулық сақтау саласындағы мастер-класта оқудан өткені туралы куәлікті барлық мемлекеттік органдар таниды (ҚР ДСМ 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығы).

Бастамашыл топ мыналарды әзірледі: жаңа оқу виртуалды платформасы туралы ереже, пилоттық іске қосу Алгоритмі, оқу материалдарының жиынтықтары дайындалуда, QAZPATENT-те зияткерлік меншік субъектісі ретінде тіркелу туралы өтінім ұсынылды. Жаңа оқу виртуалды платформасы туралы толық ақпарат жақын арада қазақстандық мерзімді медициналық ғылыми басылымдардың бірінде жарияланатын болады.

2023 жылдың 2 тоқсанында виртуалды оқу бағдарламасының пилоттық нұсқасын АҚИҰҒО ресми сайтында іске қосу жоспарлануда https://nscedi.kz/