21.12.2023

Инфекцияларға қарсы күрес жалғасуда

ҚР ДСМ тапсырмасымен М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының сапа менеджменті жүйесі бөлімі басшысы, м.ғ.к. Утепова И.Б. 2023 жылдың 7-15 желтоқсан аралығында Ақтөбе обылысы халқының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпидемияға қарсы шаралардың орындалуын көру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында іс сапарда болды. Іс сапар барысында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, обаға қарсы күрес станциясы, облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Ұлттық сараптама орталығының филиалы, облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы және облыстық патолого-анатомиялық бюро жұмысымен танысты. Жұмыс барысымен танысу қорытындысымен М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы өкілі Ақтөбе облысының тиісті медициналық мекемелерінің аса қауіпті инфекцияларға қатысты жұмыстарына және қауіпті инфекцияға адам шылдығу жағдайы орын алғанда шұғыл әрекет етуге дайындығына жоғары баға берді.

Сонымен қатар іс сапар барысында м.ғ.к. Утепова И.Б. санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, ҰСО филиалының, обаға қарсы күрес станциясы, медициналық мекемелердің мамандарына «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңы аясында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында семинар өткізді. Семинар жұмысына аудандардың тиісті мамандары селекторлық байланыс арқылы қатынасқанын атап өткен жөн.