06.06.2024

АҚИҰҒО мамандары аса қауіпті инфекциялар тіркелген жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша семинарлар, жаттығу сабақтарын өткізуге белсенді қатысады

АҚИҰҒО мамандары аса қауіпті инфекциялар тіркелген жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша семинарлар, жаттығу сабақтарын өткізуге белсенді қатысады. Бұл АМСК медицина қызметкерлерінің дайындығын арттыру мақсатында жүргізіледі. Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша аудандық емхана эпидемиологтары мен емхана эпидемиологтары үшін семинарлар өткізілді.

Алматы қаласының 9 жедел жәрдем қосалқы станциясының экипаждары үшін жаттығу сабақтары өткізілді, оған 392 медицина қызметкері қатысты.

АҚИҰҒО эпидемиологтары Алматы қаласындағы 4 емханада (№ 19, 24, 27, 16) және № 2 теміржол вокзалында тырысқақты тіркеу кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жаттығуларда консультант ретінде қатысты.