07.09.2024

2024 жылғы 6 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Сұлтанғазиев Тимур Сламжанұлы және СЭБК төрағасының орынбасары Ахметова З.Д. ҚР ДСМ «М. Айкимбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығына» (бұдан әрі, АҚИҰҒО) сапары өтті.

Сапар барысында Сұлтанғазиев Т.С. АҚИҰҒО құрылымдық бөлімшелерін және орталық референттік зертханасына (бұдан әрі — ОРЗ) кірген. Бірінші вице-министр АҚИҰҒО қызметімен, өндірістік блок пен зертханалар жұмысы ерекшеліктерімен, соңғы халықаралық стандарттар бойынша салынған ОРЗ биологиялық қауіпсіздік бірегей талаптарымен танысты.

Сапар барысында бірінші вице-министр ғалымдармен кездесіп, аса қауіпті инфекциялар мен биоқауіпсіздікті зертханалық диагностикалау саласындағы одан әрі ғылыми зерттеулердің перспективаларын талқылады.

АҚИҰҒО шығарылатын диагностикалық препараттармен таныстырып, халықаралық тренинг орталығының қызметі және ғылыми зерттеулердің интеллектуалды нәтижелері көрсетілді.

Кездесуге қатысушылар ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін АҚИҰҒО дамыту, ғылыми зерттеулерді тереңдету және заманауи өз өндірісін құру перспективаларын талқылады.