«Биоқауіпсіздік және тұрақты даму: стратегиялық тәсілдер» 24-25 қыркүйек 2024 ж. халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының өткізілгені туралы
24-25 қыркүйекте Алматы қ. «Grand Hotel Tien Shan» қонақ үйінде М. Айкімбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы Германия халықаралық ынтымақтастық корпорациясы (GIZ) «Биоқауіпсіздік жөніндегі Германия-Қазақстан ынтымақтастығы» жобасы шеңберінде «Биоқауіпсіздік және тұрақты даму: Стратегиялық тәсілдер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиумын ұйымдастырды. Осы форумда Қазақстан, Германия, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина мемлекттерінен және ДДҰ, CDC, ХҒТО, Орталықтар ЕО-ның Алдыңғы Тәжірибесін жөніндегі ХБРЯ және т. б. халықаралық ұйымдардан гибридті форматта 500-ге жуық жетекші сарапшылар мен биоқауіпсіздік ғалымдар қатысты.
Симпозиумның мақсаты аса қауіпті инфекциялар мен биологиялық қауіпсіздіктің мониторингін қамтамасыз етудің орнықты құралдарын қолдау үшін ғылыми негізделген зерттеулерді, реттеу мен коммуникацияны ілгерілету, ғылыми алмасуды дамытудағы халықаралық ынтымақтастықты және инфекциялық ауруларға қарсы әрект жөніндегі әріптес елдердің ұлттық әлеуетін нығайту болып табылады.
Биоқауіпсіздік саласындағы мониторинг жүйесі және тәуекелдерді басқару; трансшекаралық жұқпалы аурулармен күресте күш-жігерді шоғырландыру; молекулалық-генетикалық зерттеулердегі Биоинформатика; зертханалық стандарттарды әзірлеу үшін (
жас) биоқауіпсіздік мамандарына арналған білім беру бағдарламалары мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды.
Симпозиум аясында тезистер жинағы жарық көрді: https://nscedi.kz/wp-content/uploads/2024/09/Sbornik-Tezisov-Simpoziuma-2024-god.pdf.
Симпозиум аясында 25 қыркүйекте GIZ «Биоқауіпсіздік туралы ғылым: гендерлік теңдік фокусы» атты тақырыптық таңғы ас (кездесу) ұйымдастырылды. Бұл кездесудің негізгі мақсаты — Желілік платформаны ұсыну, гендерлік теңдік пен биоқауіпсіздікті нығайту арасындағы байланыс туралы аймақтық деңгейде хабардарлықты арттыру және диалогты дамыту.
Симпозиум қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне есеп беретін «биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік» арнайы органын құру туралы бастамасы аясында Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жаһандық төтенше жағдайларға барабар және жедел ден қою (халықаралық, ұлттық, өңірлік) үшін биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы резолюция қабылданды.