13.12.2024
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
13 желтоқсанда «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.
1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды.
Жиында ҚР мемлекеттік рәміздері мен ел тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы туралы презентация көрсетілді. АҚИҰҒО басшылығы мен қызметкерлері әріптестерін мерекемен құттықтап, еліміздің одан әрі өркендеуіне тілектестік білдірді.
Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!