14.02.2022

«Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы» филиалы

«Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы» филиалы ақылы қызмет негізінде COVID-19 және басқа да жұқпалы ауруларына диагностикалық зерттеу мақсатында сырттан келген адамдардан және емдеу-сауықтыру мекемлерінен сынама қабылдау үшін 2021 жылдың қараша айында санитарлық талаптарының сақталуын қамтамасыз етіп, филиал қызметкерлерінің өз күштерімен жаңа ғимарат салынып, тиісті жұмыстарын атқаруда.

Бұл ғимарат мекеменің бақылау-өткізу пунктінің жанында орналасқан. Сырттан келген адамдарға көше бетінен және филиал қызметкерлеріне мекеме ауласы ішінен бөлек сыртқы есіктер қарастырған. Сынама қабылдау ғимаратының кіре беріс бөлмесінде осы мекеме қызмет ету бағыттары, зерттеу тәсілдері, негізгі құжаттары туралы ақпараттандыру стенттары іленген. Сонымен қатар қызметкерлердің арнайы киімдерін киіп- шешу және сынама қабылдау бөлмелері, ақылы қызмет көрсетуге кассасы қарастырылған. Бөлмелер заманауй медициналық жабдықтармен және қажетті қондырғылармен толық жабдықталған.