АҚИҰҒО-ның делегациясы биомедицина саласындағы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы жөніндегі халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, Қытайдың бірқатар биотехнологиялық және білім беру нысандарына барып қайтты
АҚИҰҒО-ның делегациясы биомедицина саласындағы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы жөніндегі халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, Қытайдың бірқатар биотехнологиялық және білім беру нысандарына барып қайтты
2024 жылдың мамыр айында М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығының делегациясы Шэньчжэнь (Қытай) қаласында биомедицина саласындағы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы жөніндегі халықаралық ғылыми конференцияға қатысты, сондай-ақ Гуандун провинциясының бірқатар биотехнологиялық және білім беру ұйымдарына барып қайтты.
Сапар барысында жетекші биотехнологиялық компаниялармен танысу өтті, оның ішінде:
— «BGI Group» (секвенирлеудің және биоинформатиканың ең жаңа технологиялары, «Адам геномы» жобасының қатысушысы);
— «Biokangtai» (вакциналардың 11 түрін өндіруші, кейбіреулерін әзірлеушілер Pfizer, Sanofi сияқты компаниялар, вакциналарды өндіру және іске асыру – 1 млрд. дозадан астам, 300 миллионнан астам адамды иммундау және т.б.);
— «Kingfocus» (in vitro диагностика саласында кванттық нүкте технологиясын (QDs) пайдалану бойынша әлемдегі алғашқы компания).
АҚИҰҒО-ғы делегациясын осы компаниялардың өкілдері жылы қабылдады.
Биомедицина саласындағы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы бойынша екіжақты ғылыми Конференция Қытайдың жетекші жоғары оқу орны – Сунь Ятсен университетінің қабырғасында өтті. Конференцияда Қытай және Қазақстан тараптары өкілдерінің баяндамалары ұсынылды. Конференция барысында биологиялық қауіпсіздіктің әртүрлі аспектілеріндегі (ғылыми, тәжірибелік, білім беру, әдістемелік және т.б.) ынтымақтастық перспективалары мәселелері талқыланды. Конференцияны Қытай ғылым және техника қауымдастығы, ТМД елдерімен ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Гуандун одағы, сондай-ақ Сунь Ятсен университетінің қоғамдық денсаулық сақтау Институты ұйымдастырды.
Конференция қорытындысы бойынша АҚИҰҒО-ғы мен Сунь Ятсен университетінің қоғамдық денсаулық сақтау Институты (Шэньчжэнь) арасында ғылыми зерттеулер, биоқауіпсіздік және қоғамдық денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлау, тәжірибе алмасу, бірлескен конференциялар өткізу, бірлескен мақалалар жариялау және т.б. салалардағы ынтымақтастық жөніндегі ниеттердің бірлескен хаттамасына қол қойылды.