Ақпараттық қауіпсіздік бойынша тренинг
Информациялық қауіпсіздікті нығайту мақсатымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар
ұлттық ғылыми орталығы» обьектілерінде, Неміс Халықаралық Ынтымақтастық қоғамы (GIZ) өкілдігінің қаржылық және техникалық қолдауымен, СТ РК ISO/IEC 27001:2015, ISO/IEC 27001:2013 стандарттарының талаптары бойынша тәжірибеде қолдану жайында, енгізу және пайдалану бойынша тренингтер ұйымдастырылады және өткізіледі. Тренингтер онлайн режимде, Micrisoft Teams платформасы арқылы, PACIFICA және INTELLА компанияларының мамандарымен өткізіледі. Тренингтер 03.11 — 05.11.2021 ж. – СТМБО аймақтық филиалдары үшін және 08.11.2021 ж. – МТҚБ орталық аппараты үшін жоспарланып отыр, оқу уақыты мен сілтемелері әрбір қатысушының жеке пошталық мекенжайларына шақырулар жіберу арқылы хабарланады.