25.05.2022

Ақтөбе қалалық маслихат депутаты А. Үмбетай мекеме қызметкерлерімен кездесті

24 мамыр 2022 жылы М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы филиалы–Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясында Ақтөбе қалалық маслихат депутаты А. Үмбетай мекеме қызметкерлерімен 2022 жылдың 5 маусымында Республика аумағында Еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар бойынша өткізілетін референдум маңызын түсіндірді. Депутат қызметкерлерге түсінікті түрде «Жаңа Қазақстан» құру бағытында жасалынып отырған негізгі шаралардың бірі, өткізілетін референдумға толық тоқталды. Кездесуге «Zoom» бағдарламасы арқылы Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясының және аудандардағы бөлімшелері мамандары толық қатынасты. Қызметкерлер туындаған сұрақтарына жауаптар алды. Түсіндіру жұмысына барлығы 67 адам қатынасты.

Талқылау соңында Филиал директоры Курманов Ж.Б. депутат А. Үмбетайға ұжым атынан ризашылығын білдіріп, М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы филиалы–Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы ұжымы алдағы референдум жұмысын қолдайтынын айтып, толық қатынасатынын жеткізді.