М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығының мамандары Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ауруханалардың қауіпсіздік индексін бағалау құралын пайдалану бойынша тренингке қатысты
Автор: Nscedi.kz
М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығының мамандары Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ауруханалардың қауіпсіздік индексін бағалау құралын пайдалану бойынша тренингке қатысты
2024 жылғы 27-29 тамыз аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстан Республикасындағы Елдік кеңсесі Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ауруханалардың қауіпсіздік индексін бағалау құралын пайдалану бойынша тренинг ұйымдастырды, оған М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығының мамандары қатысты.
Тренинг барысында төтенше жағдай немесе табиғи апат жағдайында аурухананың жұмысқа дайындығы бойынша практикалық сабақ өтті, ол ауруханалардың қауіпсіздік индексі көмегімен бағаланды. Ауруханалардың қауіпсіздік индексін бағалау мамандарға медициналық мекеменің құрылымдық қауіпсіздігін жақсарту бойынша практикалық ақпарат пен ұсыныстар бере отырып, аурухананың күшті және әлсіз жақтарын объективті бағалауға мүмкіндік береді. Төтенше жағдай кезінде ауруханалардың толыққанды жұмыс істеуін сақтау өте маңызды, өйткені олардың дайындық деңгейі адамдардың өмірін құтқару және сақтау үшін өте маңызды.
Тренингке қатысушыларға ауруханалардың қауіпсіздік индексін пайдалана отырып, өз бетінше бағалау жүргізуге, жақсарту бойынша негіздемелер ұсынуға, сарапшылар ретінде әрекет етуге мүмкіндік берілді.
Осы тренингтің оң нәтижелерінің бірі ретінде тренингке қатысушылардың Қазақстанда ауруханалардың қауіпсіздік индексін пайдалану бойынша айтқан ұсыныстарын атап өтуге болады.