АУЫЛДА 1,2 МИЛЛИОН ТҰРҒЫН ЖЫЛЖЫМАЛЫ КЕШЕНДЕРДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛДЫ
Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ауылдық жерлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жөніндегі кең ауқымды шараларды іске асыруда.
Көлік медицинасы — тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың қарқынды дамып келе жатқан бағыты.
Еліміздің шалғай аудандарының тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) де белсенді жұмыс істеуде.
1⃣ 2024 жылы 3072 елді мекеннің 1,2 млн тұрғыны «дөңгелектегі емханалардың» көмегімен дәрігерлердің кконсультациялары мен диагностикалық ем-шараларға қол жеткізді.
2⃣ Жылжымалы кешендердің көмегімен бейінді мамандар 1,2 млн. консультация, 656 мың диагностикалық, 333 мың зертханалық зерттеу жүргізді.
3⃣ Зерттеп қарау нәтижесінде әртүрлі аурулары бар 95 мың пациент анықталды, оның 78,3%-ы ересектер, 21,7%-ы балалар. Кәсіптік тексеру қорытындысы бойынша 33,7 мың ауыл тұрғыны диспансерлік бақылауға алынды.
☄️2024 жылы «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 128 станцияның 104 мың тұрғынын, оның ішінде 21 000 баланы қамтыды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық.
Медициналық пойыздың мамандары 240 000 медициналық қызмет көрсетті, оның ішінде 12 500 стоматологиялық ем-шара, 25 000 зертханалық зерттеу, 8 000 шағын хирургиялық операция және 24 000 аспаптық және диагностикалық зерттеу жүргізді.
Қарап-тексеру барысында түрлі аурулары бар 5 500 пациент анықталып, оларға қажетті көмек көрсетілді.
📰«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде ауылдық аудандарда медициналық инфрақұрылымды жүйелі жаңарту жалғасуда.
2024 жылы 460 нысанның құрылысы аяқталды, тағы 195 МСАК нысаны 2025 жылы тапсырылады.
Жаңа ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда және фельдшерлік-акушерлік пункттерде алғаш рет күндізгі стационарлар, амбулаториялық оңалту үшін физиотерапия кабинеттері, ауданнан тыс жерлерге бармай зерттеп-қараудан өту мүмкіндігімен зертханалық кабинеттер пайда болды.
Политика управления в области рисками 2024 г
