Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу туралы
Елімізде көп жылдардан бері алғаш рет Қазақстан Республикасының күні аталып өтілмек.
25 қазан – Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Биылғы жылы мемлекет басшысының Жарлығымен ол мемлекеттік мереке ретінде күнтізбеге қайтадан енгізілді.
Аталмыш мереке қарсаңында 21 қазан күні М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында салтанатты іс-шара өтті. Орталық қызметкерлерінің өнер көрсетуімен мерекелік концерт ұйымдастырылды, сондай-ақ орталық қызметкерлеріне Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградалары табыс етілді, сонымен қатар Қазақстан Республикасы «Еңбек озаты» кәсіподақтар федерациясының да наградасы мен бас директордың алғыс хаттарымен марапатталды.