23.09.2024

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды даярлау жүйесі

2022 жылы «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заңы (бұдан әрі — Заң) қабылданды, онда биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрлардың жетіспеушілігі заңнамалық негізде биологиялық тәуекелдерге жатқызылды (5-бап). Заңның 28-бабында «Биологиялық қауіпсіздік саласындағы оқыту» биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуға және нығайтуға бағытталған кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру көзделген. Оқытуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген патогендік биологиялық агенттерге жүгінуді жүзеге асыратын субъектілер ұйымдастыруы мүмкін.

Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі мамандарды даярлаудың өзектілігі қауіптер мен сын-қатерлердің пайда болуымен, жаңа (белгісіз) немесе қайта оралатын инфекциялардың пайда болуының тұрақты тенденциясы аясында қос мақсаттағы технологиялардың маңыздылығының артуымен байланысты.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № ҚР ДСМ-132 бұйрығы «Биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламасын бекіту туралы» патогендліктің I-II топтарының микроорганизмдерімен жұмыс істеу кезінде үлгілік оқу бағдарламаларын регламенттейді.

М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы (бұдан әрі – АҚИҰҒО) 75 жыл бойы аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істеу үшін мамандар даярлауда. Қазіргі уақытта халықаралық тренинг орталығының (ХТО) негізгі міндеті АҚИҰҒО — аса қауіпті инфекциялардың мониторингі бойынша биоқауіпсіздік саласындағы персоналды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және құзыреттілігі үшін қосымша білім беруді қамтамасыз ету.

2024 жылы ХТО Eurasian Centre for Accreditation and Quality Assurance in Higher Education and Health Care (Еуразиялық аккредиттеу және білім беру мен денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету орталығы) компаниясымен халықаралық институционалдық аккредиттеуді растады.

ХТО-да ведомстволық тиесілілігіне және меншік нысанына қарамастан зертхана мамандарын даярлау жүргізіледі. Практикалық сабақтар жабдықталған бактериологиялық залда өткізіледі, бұл далалық және стационарлық жағдайларда жеделдетілген және классикалық зерттеу әдістерін игеруге мүмкіндік береді. Дәріс аудиториялары заманауи жабдықтармен, компьютерлермен жабдықталған.

Сондай-ақ, ХТО базасында зоологиялық және паразитологиялық мұражайлардың экспонаттарын пайдалана отырып, зоологтарды оқыту ұйымдастырылады.

АҚИҰҒО кітапханасының ғылыми және оқу әдебиеті қоры электрондық ақпараттық базаны қоса алғанда, 50 мыңға жуық атауды қамтиды.

Жеке жатақхананың болуы маңызды.

ХТО-да оқу процесін заманауи деңгейде өткізу үшін барлық қажетті материалдық-техникалық және кадрлық ресурстар бар. Оқу үдерісін АҚИҰҒО профессорлық-оқытушылық құрамы қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламалары күндізгі және гибридті режимдерде (теориялық бөлім Moodle платформасында онлайн режимде), АҚИҰҒО базасында және тапсырыс берушінің базасында ұсынылады. Ұсынылған өтінімдер негізінде АҚИҰҒО-ң профессорлық-оқытушылық құрамының сыртқа шығып циклдар өткізу мүмкіндігі бар (жыл сайын 500-ге жуық тыңдаушы қамтылады).

ХТО сондай-ақ, зертханалық диагностика және биоқауіпсіздіктің басқа да аспектілері (ДДҰ, CDC, ынтымақтастық жөніндегі Герман қауымдастығы) бойынша халықаралық ұйымдармен бірлескен тренингтер өткізуді практикалайды.

Білім беру бағдарламалары қазақстандық мамандарға ғана емес, таяу шет елдердің мамандарына да ұсынылады. Ағымдағы жылы Өзбекстан Республикасынан келген 10 маман үшін «Аса қауіпті инфекциялар кезіндегі биоқауіпсіздік» біліктілігін арттыру циклі ұйымдастырылды.

Осылайша, биоқауіпсіздік бойынша мамандарды даярлау биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тұжырымдамасын ашатын үздіксіз кәсіптік білім берудің тұтас жүйесі болып табылады.