М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы (бұдан әрі – АҚИҰҒО) 2025 жылғы 23 мамырда Алматы қаласында өткен ҚР мен РФ арасындағы биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі екіжақты консультацияларға қатысты.

АҚИҰҒО атынан консультацияға Бас директор Жұмаділова Зауреш Бапанқызы қатысты.

Іс-шара барысында тараптар екі елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай мен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын талқылады, өзекті ақпаратпен алмасты және бұл саладағы өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жолдарын қарастырды.

Әсіресе ғылыми алмасу, кадрларды даярлау және қайта даярлау, сондай-ақ шекаралас аймақтарда инфекциялық ауруларды мониторингілеу бойынша іс-қимылдарды үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Талқылаудың маңызды тармақтарының бірі – Қазақстан тарапынан ұсынылған Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру бастамасы болды. Сонымен қатар, Ресей тарапының Биологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенцияны нығайтуға қатысты ұсыныстары қаралды.

АҚИҰҒО-ның мұндай іс-шараларға қатысуы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін және екі ел арасындағы ғылыми әрі сараптамалық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін көрсетеді.