05.05.2022

ISO/IEC 27001:2013 «Ақпараттық қауіпсіздік» стандартына сәйкес ОРЗ аралық сыртқы аудитінің нәтижесі

ҚР ДСМ «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» (АҚИҰҒО) Орталық референт зертханасында «Жоспарлы жұмыстарды, ғылыми, іргелі, қолданбалы, анықтамалық және диагностикалық зерттеулерді IТ-қолдау процесі үшін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі» ISO/IEC 27001:2013 халықаралық стандарты бойынша өткен аралық Сыртқы аудиттің табысты аяқталғаны туралы хабарлайды.Сертификаттық аудит барысында «Bureau Veritas Certification Holding SAS-UK Branch» (Ұлыбритания) компаниясының Жетекші аудиторымен жеке сұхбат нәтижелері және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы АҚИҰҒО нормативтік құжаттарымен танысу нәтижелері бойынша, АҚИҰҒО қызметкерлерінің: И.Утепова, С.Казаков, Р.Исламов, Г.Сарсенгалиев, Д.Турегелдиева, Т.Нурмаханов, Ә.Сқабылов; ОРЗ инженерлік тобы: С.Гулин мен М.Әндіровтың жоғары біліктілігі мен кәсібилігі атап өтілді. АҚИҰҒО MSBC компаниясының өкілдері, консультанттар Даурен Кайгатыровқа (ҚР, Алматы) және Ненков Славчоға (Болгария) Сыртқы аудитке дайындық кезінде оқыту тренингтерін өткізгені үшін алғыс білдіреді.Аудит сәтті аяқталды, ISO/IEC 27001:2013 стандарты бойынша ОРЗ сертификатының қолданылуы 1 жылға ұзартылды. Кезекті жоспарлы аудит 2023 жылдың маусымына жоспарланған.