05.05.2022

GIZ КОМПАНИЯСЫНЫҢ КӨМЕКТЕСІМЕН ҚР СТ 27002:2015 «АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК» БОЙЫНША «INTELLA» ЖШС ТРЕНИНГТЕР СЕРИЯСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ.

ҚР ДСМ «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми
орталығы» (АҚИҰҒО) 2022 жылғы 18-28 сәуір аралығында, халықаралық ынтымақтастық
жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) өкілдігінің қаржылық және техникалық қолдауымен,
«Биоқауіпсіздік бойынша Герман-қазақстандық ынтымақтастық» жобасы шеңберінде,
«INTELLA» ЖШС қазақстандық компаниясымен өткізілген «ҚР СТ ISO/IEC 27002:2015
стандартына сәйкес, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға шолу»
тақырыбындағы 4-ші тренинг сериясының аяқталғаны туралы хабарлайды.

Барлығы 4 тренингте АҚИҰҒО мен оның обаға қарсы филиалдарының 120- дан астам
қызметкері дайындықтан өтті. АҚИҰҒО – ның 95 қызметкері сертификаттық пост- тесттен
сәтті өтіп, өз білімдерін растады және белгіленген үлгідегі «INTELLA» ЖШС
сертификатына ие болады, ал 31 қызметкер дипломнан кейінгі дайындық туралы анықтама
алады.
АҚИҰҒО тұрақты серіктестерімізге: халықаралық ынтымақтастық жөніндегі
Герман қоғамының өкілдігі (GIZ) Елена Серебренниковаға (Алматы кеңсесі);
«INTELLA» ЖШС компаниясының басшысы Асель Мұханмеджанова және тренер
Валерий Велевке – тренингтерді жоғары кәсіби және сапалы ұйымдастырғаны үшін
алғысын білдіреді.
Тренинг материалдары келесі сілтеме бойынша қолжетімді:
https://cloud.mail.ru/public/U6XQ/rw7QQJ7Mf