24.11.2022

«Ақтөбе облысы аумағында ауыл шаруашылығы малдары арасындағы оба және сібір жарасы аса қауіпті инфекциясымен ауырған мал немесе мал өлексесі анықталған жағдайда шұғыл бірлескен әрекет ету жөнінде ведомствоаралық байланыс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы филиалы–Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясының ұсынысымен 2022 жылдың 22 қараша күні обаға қарсы күрес станциясы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, облыстық ветеринария басқармасы, ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы, эпизоотияға қарсы отряд мекемесі, бірқатар аудандар ветеринариялық станциялар мамандары қатысуымен «Ақтөбе облысы аумағында ауыл шаруашылығы малдары арасындағы оба және сібір жарасы аса қауіпті инфекциясымен ауырған мал немесе мал өлексесі анықталған жағдайда шұғыл бірлескен әрекет ету жөнінде ведомствоаралық байланыс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

      Дөңгелек үстел барысында күн тәртібіне сәйкес 4 баяндама тыңдалып, бірқатар өзекті мәселелер бойынша талқылаулар болды. Мысалы: облыстың энзооотиялық аумақтарында күдікті түйе малының өліксісінен зертханаға сынамалар алу; инфекцияға күдікті түйе өлексесімен жұмыс жасау үшін ветеринариялық мамандарды обаға қарсы арнайы киіммен қамтамасыз ету, жануарларды аталған аса қауіпті инфекцияларға қарсы егумен қамту тетіктері және т.б. Дөңгелек үстел қорытындысымен хаттама қабылданып аталған қызметтер арасында ведомствоаралық байланысты жаңа деңгейге жеткізуге бағытталған шешімдер қабылданды. Оба аса қауіпті инфекциясының табиғи ошақтары орналасқан Ақтөбе облысының аудандарында аталған мекемелер мамандарымен бірлескен семинар, дөңгелек үстелдер өткізуге уағдаласты.