09.09.2022

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шара туралы

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына байланысты ҚР ДСМ «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК іс шара өткізілді.

Іс шараның ашылу салтанаты Кәсіпорын бас директоры Токтасын Кенжеканович Ерубаевтің сөзімен басталды. Кәсіпорын қызметкерлері жеке дайындаған ақпаратты ұсына отырып шығармашылығы мен өмірі жайлы жасалған слайд, өлеңді мәнерлеп оқуға белсене қатысып, одан бөлек қызметкерлеріміз                А. Байтұрсынұлының Алматы қаласында (Байтұрсынов к-сі, 60) орналасқан мұражайдың ашылу салтанатына қатысты (2022 жыл 05 қыркүйек).

Іс шара өткізу мақсатымыз, Қызметкерлер арасында Ұлы тұлғалардың бірі әрі бірегейі Ахмет Байтұрсынұлы жайлы толық деректі ұсыну, көрсету.  ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс көшбасшыларының бірі мемлекеттік қайраткер, қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ХХ ғасырдың басындағы қазақ жазуын реформалаушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы болды. Іс шара барысында Ахмет Байтұрсынұлы жайлы дайындалған видео көрсетіліп, өлең шумақтары мен слайд ұсынылды.