18.06.2022

Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы – ең үздік ғылыми денсаулық сақтау ұйымы.

2022 жылдың 17-ші маусымы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» идеясын жүзеге асыру мақсатында, медицина қызметкері күніне орай «Дені сау ұлт» атты Ұлттық медициналық Саммиті өтті. Саммитте Қазақстан Республикасы медицинасының дамуына үлес қосқан, «ALTYN SHIPAGER» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын дәстүрлі марапаттау рәсімі өтті. «Денсаулық сақтаудың үздік ғылыми ұйымы» номинациясы бойынша Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы жеңімпаз аталды. Алматыда және Қазақстанның 9 аймағында орналасқан біздің орталық іс жүзінде 73 жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында аса қауіпті инфекциялардың таралуын болдырмау бойынша жоспарлы арнайы қызмет атқаруда. Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы ұжымы Денсаулық сақтау министрлігіне, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне біздің қызметімізге жоғары баға бергені үшін ерекше алғысын білдіреді. Сіздердің жүйелі басшылығыңыздың арқасында, біздің мамандар аса қауіпті инфекциялардың мониторингі жүйесін әзірлеу мен енгізуде, мемлекет халықының
биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қазіргі заманауи ғылыми жетістіктерге негізделген, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Осындай қиын мамандықты таңдаған біздің мамандарымыз еліміздің дамып, өркендеуіне барын салуда.