15.12.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – АҚИҰҒО) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Бас директор Т.К. Ерубаев ұжымды еліміздің әрбір азаматы үшін айтулы күнмен құттықтады.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халықаралық аренада танымал, өркендеген, дамып келе жатқан елге айналды. Тәуелсіз Қазақстан бүгінде өз халқының жоғары өмір сүру деңгейіне, заманауи технологияларға негізделген, өркендеген экономикаға ұмтылуда.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы Президентінің а.ж. 2 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес, АҚИҰҒО-ның және оның филиалдарының 9 қызметкері «Қазақстан Тәуелсіздік 30 жыл» мерейтойлық медалімен – мемлекеттік наградалармен марапатталды, оның ішінде: АҚИҰҒО-ның биологиялық қауіпсіздік және биологиялық қорғау басқармасының бастығы Д. А. Турегелдиева, «Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы» филиалының директоры Бердибеков Алмас Токтамысович, «Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы» филиалының зоологы Мухамаджанов Ибайдулла Хабибуллаевич және т. б.
Қазақстан Республикасы Президентінің а.ж. 2 желтоқсандағы Жарлығымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Кузнецов Андрей Николаевич қайтыс болғаннан кейін марапатталды.
Сондай – ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес, мемлекеттік награда – «Халық алғысы» медалі биостатистика және цифрландыру басқармасының бастығы Станислав Владимирович Казаковқа берілді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің а.ж. 25 желтоқсандағы № 760 бұйрығына сәйкес, келесі қызметкерлер ведомстволық наградалармен – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды: АҚИҰҒО–ның биологиялық-технологиялық бақылау бөлімінің аға зертханашысы Лариса Петровна Гениевская, «Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы» филиалының зертханашысы Багимкуль Райомовна Шаутикова және «Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы»филиалының зертханашысы Актауова Гулсим Абдыкалыковна.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің а.ж. 25 желтоқсандағы № 760 бұйрығына сәйкес, ведомстволық наградалармен – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен АҚИҰҒО-ның диагностикалық препараттар және бактериофагтар бөлімінің аға зертханашысы Лариса Тимофеевна Ширяева, «Атырау обаға қарсы күрес станциясы» филиалының зоологы Анжелика Адольфовна Башмакова, » Орал обаға қарсы күрес станциясы» филиалының Жаңақала обаға қарсы күрес бөлімшесінің бастығы Мейрам Жұмағазұлы Берденов марапатталды.
Сонымен қатар, АҚИҰҒО бас директоры Ерубаев Тоқтасын Кежеканович Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, қызметкерлерге денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін, АҚИҰҒО – ның грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.

Толық фотосуреттер сілтеме бойынша https://cloud.mail.ru/public/mxpc/df82jYT6N