12.04.2022

«Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» форум-көрмесіне М. Айқымбаев ат. АҚИҰҒО-ның қатысуы

Бүгін 2022 жылдың 12 сәуірінде М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының өкілдері Қазақстан Республикасының «Ғылым күніне» арналған, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Ғылым қоры» АҚ және «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған, Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» Форум-көрмесіне қатысуда.

Көрмеде М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО соңғы ғылыми әзірлемелерді – SARS-CoV-2 (COVID-19) диагностикасына арналған тест-жүйені, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцинаны ұсынды. АҚИҰҒО өндірген SARS-CoV-2 диагностикасына арналған ПТР тест-жүйесі ҚР медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген. Сонымен қатар, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен бірлесіп NARUVAX-C19 (бұлшықет ішіне енгізуге арналған суббірлікті) және NARUVAX-C19/Nano (мұрынға шашуға арналған нановакциналар) деген жұмыс атауларымен COVID-19-ға қарсы екі жаңа вакцина әзірленді. Вакциналар NARUVAX-C19 вакцинасы медициналық приматология ҒЗИ-да (Ресей, Сочи қ.) адам емес приматтарда (резус макакалары) клиникаға дейінгі сынақтардан өткен зертханалық жануарлардың әртүрлі түрлеріндегі қауіпсіздік, иммуногенділік және протективті тиімділік зерттеулерінен өтті. Бұдан басқа, ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында осы вакциналарға клиникаға дейінгі сынақтар жүргізілді. Келесі қадам препараттарға клиникалық зерттеулер жүргізу болады.

Сондай-ақ, отандық ветеринарлық COVID-19 вакцинасы AROVAX-C19 (pets) ұсынылған. Вакцина синтетикалық түрде алынған SARS-CoV-2 вирусының ақуызының толық мөлшері негізінде дайындалады және құрамында адъювант бар. Вакцина мысықтарда бір және екі рет иммундау режимінде толық қауіпсіздікті, жоғары иммуногенділікті және протективті тиімділікті көрсетті. 2022 жылы аталған вакцинаны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде тіркеу жоспарлануда.

Бұл көрме соңғы отандық ғылыми әзірлемелерді қолданбалы іске асыру мақсатында ғылыми ұйымдар мен бизнес арасында іскерлік байланыстар орнату үшін маңызды платформа болып табылады.