14.07.2022

Маймыл шешегі инфекциясына қарсы шаралар

ҚР ДСМ «М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО» ШЖҚ РМК филиалы–Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы (одан әрі Филиал) әлемде маймыл шешегі инфекциясы бойынша қалыптасып отырған жағдайға орай М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының тапсырмасына сәйкес маймыл шешегі инфекциясына қарсы шараларды күшейтуде. Филиал мамандары облыстық санэпидбақылау департаменті және облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы мамандарымен бірлескен түрде жұмыс жүргізуде. Негізінен облыс көлемінде халыққа алғашқы медициналық қөмек көрсететін медициналық мекемелер дәрігерлері мен орта буын қызметкерлерінің қырағылығын күшейтуге көңіл бөлінуде. Сонымен қоса шекара, алғашқы медициналық көмек, жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы (ЖИТС) орталықтары мамандары назардан тыс қалмауда. Инфекцияны уақытылы диагностикалау мақсатында обаға қарсы күрес қызметі мен Ұлттық сараптама орталығы филиалының зертхана мамандарына сынама алу, зерттеу ерекшеліктері түсіндірілуде. Жалпы 21 семинарлар өткізіліп, 634 мамандар дайындалды. Семинар барысында М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы дайындаған слайдтар пайдаланылуда. Жұмыс жалғасын табатын болады.