Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен
тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына
Жолдауы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы –
әрбір қазақстандық асыға күтетін еліміздегі ең маңызды саяси оқиғалардың бірі.
2024 жылдың 2 қыркүйегінде М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар
ұлттық ғылыми орталығының ұжымы тікелей эфир арқылы Елбасының «Әділетті
Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан
халқына жыл сайынғы Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы
қысқаша болды. Елбасы Жолдаудың бағыттарын жүзеге асыру бойынша нақты қадамдар
мен іс-шараларды айтып, түсіндірді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде экономикалық саясат, бизнесті жүргізу үшін
жағдайды жақсарту, азаматтарды денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау, экологиялық
жағдайды жақсарту және басқа да мемлекетіміз үшін аса маңызды міндеттер сияқты түрлі
салаларға тоқталды.
Қазақстан Президенті Жолдауда халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтудың
негізгі бағыттарын айқындап берді. Ол үшін алтыншы бағыт бойынша Ұлт саулығын
нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін
жаңғырту қажеттігін атап өтті.
АҚИҰҒО ұжымы ел мен азаматтық қоғамның одан әрі дамуы үшін маңызды
ынталандыру болып табылатын Президент Жолдауын қолдап, өз пікірлерімен бөлісті.
Еліміздің саналы азаматтары және патриоттары ретінде Елбасы алға қойған мақсаттарға
қол жеткізуге көмектесуге дайындығын білдірді.