«Қолданбалы микробиология және биотехнология жөніндегі мемлекеттік ғылыми орталық» арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
2025 жылғы 13 мамырда Алматы қаласында М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар бойынша Ұлттық ғылыми орталық (бұдан әрі – АҚИҰҒО) мен Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Оболенск қаласындағы Федералдық ғылыми мекеме – «Қолданбалы микробиология және биотехнология жөніндегі мемлекеттік ғылыми орталық» арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Аталған құжат келесі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған:
• бірлескен ғылыми жобаларды дамыту;
• биқауіпсіздік және микробиология салаларында бірлескен зерттеулер жүргізу;
• екіжақты тағылымдамалар мен мамандар алмасуын ұйымдастыру;
• бірлескен ғылыми іс-шаралар мен конференциялар өткізу.
Бұл қадам биоқауіпсіздік, ғылыми әзірлемелер, ақпарат алмасу және кадрлар даярлау салаларында тұрақты әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізін қалайды.