19.08.2024

Өзбекстан Республикасының мамандары үшін «Патогенділігі І-II топтағы аса қауіпті инфекциялар кезіндегі биоқауіпсіздік» тақырыбында халықаралық тренинг өтті

Ағымдығы жылдың 22 шілдесі мен 16 тамызы аралығында ҚР ДСМ «Масғұт Айкимбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» (бұдан әрі — АҚИҰҒО) Халықаралық оқу орталығында Герман қоғамының халықаралық ынтымақтастығы қолдауымен Өзбекстан Республикасының мамандары үшін «Патогенділігі І-II топтағы аса қауіпті инфекциялар кезіндегі биоқауіпсіздік» тақырыбында халықаралық тренинг өтті.
Тренингке қатысушылар-ғылыми қызметкерлер:
— Эпидемиология, микробиология, жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық орталық;
— Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Вирусология ғылыми зерттеу Институты;
— Ғылым Академиясының Зоология институты.
Білім беру бағдарламасы аясында биоқауіпсіздік, биологиялық қауіп қатерді бағалау, патологиялық биологиялық агенттермен жұмыс істеу әдістері мен техникасы мәселелері қамтылды.