Пресс- релиз 2022 жылдың 3- 5 тамыз аралығында «Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы» филиалында бірлескен жаттығулар өткізу туралы.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттер және ведомствоаралық байланыс шеңберінде ҚР ДСМ «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК (АҚИҰҒО) филиалы-Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясында 2022 жылдың 3-5 тамыз аралығында мамандандырылған қызметтердің жылжымалы зертханалар ресурстарын пайдалана отырып шұғыл әрекет ету бойынша бірлескен жаттығулары өтуде.
Халықтың эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысында биологиялық қауіпсіздік мәселелері негізгі рольдердің бірін атқарады. Аса қауіпті инфекциялар тіркеліп және биологиялық тұрғыда төтенше жағдайларлар орын алған кезде қалыптасқан мониторинг және шұғыл әрекет ету жүйесі жағдайды шұғыл анықтау және әрекет етуде, ТЖ кең көлемде таралмауына және жоюға бағытталған.
Қазақстан Республикасынан жаттығуларға денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, филиалдарымен М.Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО мамандары, облыстық санитариялық-эпидемиалогиялық бақылау департаменттері эпидемиологтары, ұлттық сараптама орталығы, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты мамандары; Ресей Федерациясынан «Микроб» обаға қарсы күрес ғылыми-зерттеу институты (Саратов қаласы) мамандары қатынасуда.
Жаттығу барысында қатынасушыларға эпидемиологиялық тұрғыдағы төтенше жағдайлар аймағында теориялық білімдері мен тәжірибелік біліктіліктерін пайдалана отырып эпидемиологиялық және зертханалық шарттарды шешу қажет болады.
Эпидемиологиялық тұрғыда төтенше жағдайларда бірлескен әрекет ету жүйесі ТМД мүшелік мемлекеттер аумағында шұғыл әрекет ету және халықтың эпидемиологиялық қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді.