27.08.2022

Әрбір қазақстандық үшін айтулы мереке

Конституция-еліміздегі береке мен тұрақтылықтың кепілі.

Өзін зайырлы құқықтық мемлекет ретінде көрсеткен Қазақстанның осы негізгі заңымен әрбір адамның жан-жақты дамуы және жеке тұлға ретінде әлеуметтік қорғалуы үшін барлық жағдайлар жасалған.

1995-і жылы Қазақстан халқы өзінің тарихи таңдауын жасап, мемлекеттің одан әрі даму жолын айқындады. Бұл барлық қазақстандықтар үшін ерекше оқиға, жаңа қоғам бой көтерудің сенімді іргетасы болды.

Конституция егемендіктің кепілі ретінде біздің бірлігімізді нығайтты, тұрақтылық пен келісімнің өзегіне, жасампаздықтың символына және үлкен істер мен қазіргі жеңістердің қайнар көзіне айналды.