25.10.2024

Республика күні қарсаңында «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС қызметкерлері мен аға буын ардагерлері «Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік наградаларымен марапатталды


Ағымдағы жылдың 24 қазанында АҚИҰҒО Республика күніне арналған салтанатты жиын өткізді.
25 қазан Республика күні Еліміз үшін орасан зор, тарихи күн болып есептеледі, өйткені 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдады. Ал араға бір жыл салып, 1991 жылдың 16 желтоқсанында еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, маңызды қадам жасады.
«Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС басшылығы мейрам қарсаңында қызметкерлерге «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атаулы төс белгілерін ұсынды.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», Министрдің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі атынан ҚР Денсаулық сақтау, оның ішінде обаға қарсы қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін 29 қызметкерге берілді.

Барша Қазақстандықтарды еліміз үшін айтулы мереке болып саналатын Қазақстан Республикасы күнімен құттықтаймыз!