ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының үйлестіру кеңесі делегаттарының Орталық референттік зертханаға сапары туралы
Ағымдағы жылғы 30 қыркүйекте Алматы қаласында ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарының үйлестіру кеңесінің отырысын өткізу шеңберінде Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Феерациясы, Тәжікстан Республикасының делегаттары М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының Орталық референттік зертханасына барды.
Делегаттар ОРЗ қызметімен танысты, қызметкерлердің елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, аса қауіпті инфекциялардың, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ инфекциялардың мониторингі, диагностикасы, профилактикасы және оларға ден қоюдың ғылыми негіздерін әзірлеудегі және енгізудегі зертхананың үлесі туралы ақпараты тыңдалды.
ОРЗ қызметін биологиялық қауіпсіздіктің әлемдік стандарттарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырады және халықаралық серіктестердің үшлкен тобымен ынтымақтасады.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін айтты