27.09.2023

Сібір жарасы бойынша жаттығу жаттығуларына дайындық бойынша бірлескен отырыс

26.09.2023 жылы Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А. М. Жақанбаеваның ұйымдастыруымен  Масғұт Айқымбаева атындағы  аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы (бұдан әрі-АҚИҰҒО), И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, жедел медициналық жәрдем станциясы, қалалық дезинфекциялық станция, Алматы – 1 станциясының желілік полиция бөлімі, Алматы магистральдық желі бөлімшесі, «Алматыэлектротранс» ЖШС және Алматы қ. полиция департаменті мамандарының  қатысуымен  28.09.2023 жылға жоспарланған Алматы-1 теміржол вокзалының «Life медициналық орталығы» ЖШС медициналық пунктінде сібір жарасына күдікті науқас анықталған кезде жаттығу жаттығуларын өткізуді талқылау бойынша бірлескен отырыс өтті.

Отырыстың мақсаты «Life медициналық орталығы» ЖШС медицина қызметкерлерінің сібір жарасына күдікті науқасты тіркелген жағдайда дайындығын анықтау болды, жаттығу  өткізудің Жедел жоспарына, құлақтандыру схемасына сәйкес барлық бөлімшелердің іс-әрекеттері қаралды. Отырыс аясында АҚИҰҒО дәрігер – эпидемиологы А. М. Матжанова «Сібір жарасы, эпидемиология және ауру ошағындағы жұмыс» тақырыбында семинар — тренинг өткізді.