20.05.2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес

2022 жылы 17-18 мамырда М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО бас директоры Т.К. Ерубаевтың төрағалығымен Кәсіпорын филиалдарының басшыларымен Алматы қаласында кеңес өткізілді.

Кеңеске Кәсіпорын бас директорының орынбасарлары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия мүшелері және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, комплаенс-офицер Р.А. Мустафин «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында бірінші тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау мәселелерін қарау» баяндамасымен, қаржы-экономикалық даму басқармасының бастығы А.П. Захарова «Қаржы қызметі саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жұмыс туралы» баяндамасымен, кадр ресурстарын дамыту басқармасының бастығы Г.Н. Оспанбекова «Кадр саясатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі жұмыс туралы», мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Н.К. Муханов «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі жұмыс туралы» баяндамамен сөз сөйледі.

2022 жылы 18 мамырда Кәсіпорын филиалдарының басшылары арасында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексін және биологиялық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқықтық нормаларлар біліміне тестілеу өткізілген.

Өткен іс-шаралардың қорытындысы бойынша М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО бас директоры Т.К. Ерубаев филиал басшыларына Кәсіпорынның 2022-2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының тармақтарын уақытылы және толық көлемде орындауға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге дайындалуда, жұмыскерлерді Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесімен таныстыру және оған сәйкес филиалдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жеке тізбесін әзірлеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мақсатында Кәсіпорын қызметкерлерінің қызметтік әдеп қағидаларын қатаң сақтау, филиал заңгерлерінің комплаенс-қызмет функциясын орындау туралы лауазымдық нұсқаулығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, филиалда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқытуды тұрақты ұйымдастыру, филиалдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауға жол бермеу, ұжымда қалыпты моральдық-психологиялық климатты, кәсіби білім мен дағдылар деңгейін қолдау туралы тапсырмалар берілді.

ҚР ДСМ М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО ШЖҚ РМК

комплаенс-офицері

Р. Мустафин