13.02.2023

Құттықтаймыз!

М.Айқымбаев атындағы Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығының ұжымы орталығымыздың жетекші ғалымдары Мека-Меченко Татьяна Владимировна, Лухнова Лариса Юрьевна және Избанова Уйнкүл Айтеновнаны ғылыми атақтардың берілуімен құттықтайды!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Білім министрлігі Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығымен Лухнова Лариса Юрьевнаға профессор ғылыми атағы берілді; Мека-Меченко Татьяна Владимировна мен Ізбанова Уинкүл Айтеновнаға доцент атағы берілді.

Ғылыми атақтардың берілуі – біздің әріптестеріміздің үлкен жетістігі және аса қауіпті инфекцияларды диагностикалау және алдын алу саласындағы көп жылғы қажырлы еңбегінің көрсеткіші. Ғалымдарымызға зор денсаулық, жаңа жобаларда табыс және биік белестерді бағындыру тілейміз!