28.04.2023

«Тырысқақтың зертханалық диагностикасы» бойынша онлайн семинар

ҚР ДСМ «М. Айқымбаев атындағы  аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-нің «Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы» филиалы және «Ұлттық сараптама орталығы»  ШЖҚ РМК-нің бірлескен бұйрығына сәйкес облыс бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын  қамтамасыз ету мақсатында, 2023 жылғы 27 сәуірде «Қызылорда обаға қарсы күрес санциясы» филиалының тырысқақ зертханасының базасында облыстық «Ұлттық сараптама орталығы» және Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесінің  дәрігер бактериологтары мен зертханашыларына арналған «Тырысқақтың зертханалық диагностикасы» бойынша онлайн форматта семинар сабағы өткізілді.

Семинарды филиал директорының эпиджұмыс жөніндегі орынбасары М.З.Бодықов кіріспе сөзімен ашты. Барлығы 7 ауданнан 14 адам қатысты.

Онлайн-семинарда тырысқақтың зертханалық диагностикасы бойынша іс-шараларды өткізуге зертхананың дайындығын қамтамасыз ету мәселелері қозғалды (қоршаған ортаның суын зерттеу жоспарын жасау, бақылау нүктелерінің паспорттарын жасау, қажетті қоректік орталардың қорын, диагностикумдар және т. б.).