16.04.2025

Ғылым – ел болашағының тірегі!

Oplus_131072

М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының ұжымы «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ барша әріптестер мен серіктестерді кәсіби мереке – Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!

Соңғы жылдары елімізде ғылым саласына ерекше көңіл бөлініп, ғылыми зерттеулер мен инновацияларды қолдау кеңейіп келеді. Бұл – мемлекетіміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Ғылым қызметкерлері күні – ғылымның қоғамдағы орны мен маңызын айшықтайтын айтулы күн.

Ғылым жолы – үлкен табандылық пен жанкештілікті талап ететін жол. Сол жолда аянбай еңбек етіп жүрген барша ғалымдарға зор алғысымызды білдіреміз!

АҚИҰҒО ғалымдары да осы салада 70 жылдан астам уақыт бойы аса қауіпті инфекцияларға қатысты эпидемиологиялық мониторинг жүргізіп, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып келеді. Ғылыми білім, тәжірибе және халықаралық үздік практикаларға сүйене отырып, олар қоғам денсаулығын сақтауда маңызды міндеттерді атқарып келеді.

Ғылыми жетістіктеріміздің мойындалуының дәлелі ретінде, биыл «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-ның Алғыс хатымен марапатталған әріптестерімізді ерекше атап өткіміз келеді:

Абдирасилова Айгүл Ақзамқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, эпидемиолог-дәрігер. Ол 25-тен астам ғылыми еңбектің авторы, туляремияға қарсы иммуноглобулин мен антигендік диагностикумды жасап, денсаулық сақтау ісіне енгізді. Обаға қарсы станцияларға әдістемелік қолдау көрсетіп, дәрігерлер мен биологтарға арналған курстар жүргізіп келеді. Оның жетекшілігімен аса қауіпті инфекцияларды анықтауға арналған жоғары ерекшелікті ПТР тест-жүйелері әзірленді.

Рябушко Елена Александровна – биология ғылымдарының кандидаты, биологиялық-технологиялық бақылау бөлімінің басшысы. 60-тан астам ғылыми мақала мен 4 патенттің авторы. Ол өндірістік және ғылыми қызметті тиімді үйлестіріп, диагностикум өндірісіне арналған нормативтік құжаттарды әзірлеуге белсенді қатысуда.

Құрметті әріптестер! Ғылым жолындағы еңбектеріңіз еселене берсін, жаңа табыстар мен ашылымдар көп болсын!
Мереке құтты болсын!

Oplus_131072
Oplus_131072
Oplus_131072
Oplus_131072
Oplus_131072